...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жаңа автобус жолақтары пайда болады: көшелер аталды

Алматыда жаңа автобус жолақтары пайда болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында бұл туралы айтты.

Қалада велосипед инфрақұрылымын да белсенді дамыту жоспарланған. 2026 жылы веложелінің ұзындығын 87 километрден 125,5 километрге дейін, яғни 40 шақырымға ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымын жаңарту жалғасады. Биыл билік 2500-ден астам жол белгілерін орнатып, кемінде 350 мың шаршы метр жол сызығын сызуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 4 млрд теңге бөлінген.

Сондай-ақ әкімдік 20 мамырда Горький орталық саябағын абаттандыру ниеті туралы хабарлады.

Дереккөз: Zakon.kz