
Алматы әкімдігі LRT жобасын қаланың жаңа көлік жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырып отыр. Бірінші жеңіл рельсті көлік желісінің ұзындығы 18,3 шақырымды құрап, Төле би көшесімен, одан әрі Абылай хан даңғылымен «Алматы-2» вокзалына дейін, сондай-ақ Момышұлы көшесімен Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа дейін өтеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2026 жылғы 20 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәлімдеді.
Жоба тек желінің өзін ғана емес, депо салуды да қамтиды. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 2026 жылы жазда дайын болады деп күтілуде.
Бұған дейін Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін салу үшін 270 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою жоспарланғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz