
Алматыда базарларды жаңғырту бағдарламасы аясында 32 сауда нысаны жаңартылды. Қалада барлығы 51 базар жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 51 базардың 32-сі толық жаңғыртудан өтті, құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған 19 нысанда жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бес базарды қайта жаңартуды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Биыл «Сары-Арқа» және «Алматы-1» базарларында жаңғырту аяқталды. Жаңартылған сауда алаңдары заманауи стандарттарға сай, кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz