
Қазақстанда Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар пойыздары әлі де 12–14 сағат жүреді. Тіпті Stadler компаниясының жаңа пойыздары іске қосылғанымен, уақытты қысқарту мүмкін болмай отыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Көлік министрі Нұрлан Сәуранбаев үкімет брифингінде журналистердің сауалына жауап берді. Оның айтуынша, астананы Алматыдан Астанаға көшіргеннен бері жеке теміржол тармағын салу мәселесі талқыланып келеді. Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша, жобаның құны 30 млрд долларды құраған.
«Сол кездегі баға 30 млрд доллар болды – бұл өте қымбат. Халқымыздың санын ескерсек, жаңа тармақ салудың қажеті шамалы. Бізге Астана мен Алматы арасында ұшақ ұшыру әлдеқайда тиімді: оған қызмет көрсету де, басқа параметрлер де арзан», – деді Нұрлан Сәуранбаев.
Министр жылдамдықты арттыруға кедергі – жолаушы және жүк пойыздарының бір инфрақұрылымды пайдалануы. Орташа жылдамдық мұндай учаскелерде сағатына 60–90 км құрайды. «Егер тез жүру керек болса – ұшақпен, ал уақытында жету керек болса – пойызбен, әсіресе жүк немесе багаж болса», – деп қосты ол.
Дереккөз: Nur.kz