...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында автобус парктері өкілдерімен ақпараттық-кеңес беру кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, жиында басқарма және «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қатысушыларға қоғамдық көлікке қойылатын экологиялық талаптар, шығарындыларды бақылау тәртібі және шығарындылары төмен аймақтарды (LEZ) енгізудің алдағы кезеңдері туралы түсіндірді.

Ресми деректер бойынша, қалада 26 автобус паркі жұмыс істейді, күн сайын шамамен 3,2 мың автобус желіге шығады.

Катализаторлардың міндетті түрде болуы, техникалық тексеруден өту және экологиялық көлікке көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еске сала кетейік, 2024 жылдан бастап Алматыда дизельді автобустар сатып алуға тыйым салынған. 2026 жылы жеке тасымалдаушылар 500 газ автобусы мен электробус сатып алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ қатысушыларға атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының негізгі талаптары 2027 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетіні ескертілді.

Дереккөз: Almaty.tv