
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жаужүрек, Аэродромная және Жамакаев көшелерінің учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы-1 — Шамалған станциясы — Ұзынғаш (Сорбұлақ тракты) автомобиль жолын күрделі жөндеуге байланысты Жаужүрек және Аэродромная көшелерінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі. Осыған орай 16 мамырдан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанша №213, №235 және №255 автобус бағыттарының схемасы уақытша өзгереді.
№213 бағыт — солтүстік бағытта автобустар Саин көшесімен, одан әрі Мәдениет шағынауданы арқылы батысқа қарай өтіп, сосын Аруана көшесі, Сорбұлақ тракты көшесімен жүреді. Кері бағытта: Сорбұлақ тракты көшесі — Аруана көшесі — Мәдениет шағынауданы арқылы шығысқа қарай өту — Саин көшесі.
№235 бағыт — батыс бағытта: Сорбұлақ тракты көшесі — Барыс көшесі — Вдоль Бака көшесі — Саин көшесі — Сорбұлақ тракты көшесі. Кері бағытта: Сорбұлақ тракты көшесі — Саин көшесі — Вдоль Бака көшесі — Барыс көшесі — Сорбұлақ тракты көшесі.
№255 бағыт — батыс бағытта: Сорбұлақ тракты көшесі — Барыс көшесі — Вдоль БАК көшесі — Саин көшесі — Сорбұлақ тракты көшесі. Кері бағытта: Сорбұлақ тракты көшесі — Саин көшесі — Вдоль БАК көшесі — Барыс көшесі — Сорбұлақ тракты көшесі.
Сонымен қатар, қалада Жамакаев көшесінің учаскесі орташа жөндеуге байланысты уақытша жабылады. 16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзербаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен шектеледі.
Мәдениет шағынауданын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету үшін 16 мамырдан бастап №122 бағыттың схемасы уақытша өзгереді. Оңтүстік бағытта автобустар Нұржауған көшесімен, одан әрі Ш. Абыз, Жезтандай, Талдыбұлақ, Сүлейменов, Приканальная көшелерімен жүреді. Кері бағытта: Приканальная көшесі — Сүлейменов көшесі — Талдыбұлақ көшесі — Ағыбай батыр көшесі — Ш. Абыз көшесі — Нұржауған көшесі.
Сонымен қатар, №76 бағыттың схемасы өзгеруіне байланысты 16 мамырдан бастап соңғы аялдама уақытша «Барлық базары» аялдамасына ауыстырылады.
Дереккөз: Inform.kz