
Алматыда 16 мамырдан бастап №213, №235 және №255 маршруттары уақытша өзгертілген схемамен қозғалады. Бұл Алматы-1 – Шамалган ст. – Ұзынғаш (Сорбұлақ тракті) автомобиль жолында күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Жаужүрек және Аэродромная көшелерінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуіне байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
№213 маршрутының солтүстік бағыттағы схемасы: Саина көшесі – Мәдениет шағын ауданы арқылы батысқа қарай өту – Аруана көшесі – Сорбұлақ тракті көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Сорбұлақ тракті көшесі – Аруана көшесі – Мәдениет шағын ауданы арқылы шығысқа қарай өту – Саина көшесі – әрі қарай схема бойынша.
№235 маршрутының батыс бағыттағы схемасы: Сорбұлақ тракті көшесі – Барыс көшесі – Вдоль Бака көшесі – Саина көшесі – Сорбұлақ тракті көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Сорбұлақ тракті көшесі – Саина көшесі – Вдоль Бака көшесі – Барыс көшесі – Сорбұлақ тракті көшесі – әрі қарай схема бойынша.
№255 маршрутының батыс бағыттағы схемасы: Сорбұлақ тракті көшесі – Барыс көшесі – Вдоль Бака көшесі – Саина көшесі – Сорбұлақ тракті көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Сорбұлақ тракті көшесі – Саина көшесі – Вдоль Бака көшесі – Барыс көшесі – Сорбұлақ тракті көшесі – әрі қарай схема бойынша.
Бұған дейін 15 мамырдан бастап №63 және №98 маршруттарының схемалары уақытша өзгертілгені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz