
Алматыдағы Бас ботаникалық бақта сирек кездесетін «жылқы» каштаны (лат. Aesculus × carnea) гүлдеп тұр. Бұл – жай каштан мен қызыл каштанның буданы, биіктігі 15-25 метрге жетеді. Оны Солтүстік кіреберіс павильонынан оңға қарай кететін аллеядан және «Еуропа. Қырым. Кавказ» экспозициясынан көруге болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бақ қызметкерлерінің айтуынша, алғашқы отырғызулар 1964 жылдан басталады. «Конский» (жылқы) деп аталуының себебі – бұл өсімдіктің жемісі жеуге жарамсыз, бірақ сыртқы түрі шынайы каштанға ұқсайды. Тағы бір нұсқа бойынша, піскен жемістердің түсі мен жылтырлығы торы жылқының терісін еске түсіреді.
Бұған дейін 13 мамырда Дүниежүзілік бақбақ күні аталып өткені хабарланған болатын. Бұл – ең көп таралған және өте шыдамды өсімдіктердің біріне арналған ресми емес экологиялық «мереке».
Дереккөз: Zakon.kz