
Бүгін, 14 мамыр 2026 жылы, Алматыда жоспарлы сейсмотренировка өтті. Қалада сағат 11:00-де сиреналар естіліп, тұрғындардың телефонына ұлттық хабарландыру келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды алдын ала ескерткен болатын. Хабарландыру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жіберілді.
«Алаңдамаңыз! Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмотренировка өткізілуде! Сабыр сақтап, белсенді қатысыңыз», — делінген хабарламада.
ТЖМ баспасөз қызметі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.
Дереккөз: Nur.kz