...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Актер Нұрғали Нұғманның балалық шақтағы зорлық туралы мәлімдемесіне қатысты Алматы полициясы тексеріс бастады

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман Instagram-дағы парақшасында бала кезінде алыс туысының жыныстық зорлығына ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Актердің ашық мойындауы кеңінен талқыланып, кейін жазба жойылса да, басқа пайдаланушылар мен пабликтер оны таратып үлгерді. Видеоүндеуінде актер сол кезде туысы коммерциялық жобалардың бірінде продюсер болып жұмыс істеп, оған тележобалар мен киноға түсуге көмектескенін айтты. Оқиға бір түсірілім күнінен кейін ер адамның жұмыс кабинетінде болған.

Бұл оқиға маған ауыр психологиялық жарақат салды. Жылдар өткен соң мен бұл туралы көпшілік алдында айтуды шештім, — деді Нұрғали Нұғман.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде жарияланған видеоүндеу бойынша кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері туралы материалды белгіленген тәртіппен тіркегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта процессуалдық тексеріс басталып, жарияланымда көрсетілген мән-жайларды, сондай-ақ оқиғаның ықтимал қатысушылары мен куәгерлерін анықтау бойынша шаралар кешені жүргізілуде, — деп атап өтті ДП баспасөз қызметі.

Полиция мұндай мәлімдемелер, әсіресе балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатыстылар, құқықтық бағалаусыз қалмайтынын және ерекше бақылауда екенін атап көрсетті. Көрсетілген фактілер расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Құқық қорғау органдары тексерісті жан-жақты, толық және объективті жүргізуге кепілдік берді.

Дереккөз: Inform.kz