...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 30%-ға төмендеді: себебі не?

Алматыда қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім соңғы жылдары 30%-ға азайды. Қазір бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда шамамен 60 жағдайды құрайды, 2019 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер мұны тұрғындардың скринингтен жиі өтуімен байланыстырады. Осының арқасында ауруды ерте сатысында анықтау мүмкін болып отыр.

Жаңа түзілімдерді зерттеу әдістері мен емдеу жайлы Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінде жалпы онкология орталығының күндізгі стационар, хирургия және оңалту бөлімінің жетекшісі Эльмира Медетбекова айтып берді.

Дереккөз: Almaty.tv