
Жыл басынан бері Алматыда 3 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Қаладағы жұмыс орындарына сұраныс әлі де жоғары, қазіргі уақытта 20 мыңға жуық тұрғын ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары жастардың еңбек нарығында өз орнын табуына көмектесетін бірнеше бағыт жұмыс істеп жатқанын айтады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіптік оқытуға ерекше көңіл бөлініп, биыл 100-ден астам адам жаңа мамандық игерді. Ал түлектер үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға көмектесетін жастар практикасы қарастырылған.
«Жастарды жұмысқа орналастыруға және кәсіптік бағдар беруге ерекше көңіл бөлінеміз. Осы аяда 3 мыңнан астам оқушы жоғары сыныптарда кәсіптік бағдардан өтті, бұл олардың болашақта мамандық таңдауына мүмкіндік береді. 2026 жылы 51 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Оның 88 пайызы – тұрақты жұмыс орындары», — деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Сонымен қатар қалада жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. Жыл соңына дейін бизнес ашуға 380 грант беру жоспарланған. Осылайша, бағдарламаға қатысушылар өз ісін дамыту үшін 1 миллион теңгеден астам қаражат ала алады. Алайда үміткерлер әлеуметтік осал топтардың біріне жатуы керек: көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, қоныс аударушылар және басқалар.
«Олар жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Сондай-ақ кәсіпкер болуы, үш жыл ішінде жеке кәсіпкер ашуы тиіс. Жалпы, осы критерийлерге сәйкес келуі қажет. Әрине, салық немесе жалақы бойынша берешегі болмауы керек – мұның бәрі мемлекеттік органдардың тиісті дерекқорлары арқылы тексеріледі», — деп қосты Бауыржан Жаубасов.
Дереккөз: Almaty.tv