
Алматы айырбастау пункттерінде американ валютасын 468 теңгеден сатып жатыр. 13 мамырдағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467.86 теңге болып, 3.67-ге өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми доллар бағамы – 463.91 теңге. Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 464 теңге, ал сату бағамы 468 теңгені құрайды.
Дереккөз: Almaty.tv