
13 мамырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Тайландтан Алматыға шұғыл медициналық эвакуацияланған сәби туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Министрліктің нақтылауынша, бригада құрамына дәрігер Жасұлан Жұмғұлов, фельдшер Болат Шәріпов және Неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев кірген.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық авиация мамандарына жеделдік, кәсібилік және үйлесімді жұмысы үшін алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, 12 мамыр 2026 жылы Қазақстанда стационарларда медициналық көмек көрсету тәртібі өзгеретіні белгілі болған еді.
Дереккөз: Zakon.kz