
Қазақстанға күшті антициклон келіп, күрт суық әкелген еді. Енді синоптиктер 13-15 мамыр аралығында ауа райы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
13 мамырда Алматыда ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С болады. Айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с.
14 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с.
15 мамырда да жауын-шашынсыз, түнде +4+6°С, күндіз +23+25°С. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с.
Астанада 13 мамырда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
14-15 мамырда да жауын-шашынсыз, түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 3-8 м/с.
Шымкентте 13 мамырда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда жауын-шашынсыз, түнде +13+15°С, күндіз +27+29°С. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.
15 мамырда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +15+17°С, күндіз +30+32°С. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с.
Дереккөз: Zakon.kz