...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі екі күнге жабылады

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде жолдың орташа жөндеуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр сағат 8:00-ден 14 мамыр сағат 23:00-ге дейін Саин даңғылы мен Мұстафин көшесі аралығындағы учаскеде қозғалыс толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізілетін жерде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары уақытша шектеулерді ескере отырып, бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz