...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Үлкен Алматы шыңынан түсу кезінде туристің жағдайы нашарлап, құтқарушылар көмекке келді

Алматы тауларында құтқарушылар Үлкен Алматы шыңынан түсу кезінде жағдайы нашарлаған туристі эвакуациялады. Ер адам үш мың метрден астам биіктікте бас айналуды сезінген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Ғарышстанция ауданында 3300 метр биіктікте болды. Үш адамнан тұратын топ Үлкен Алматы шыңына көтеріліп, түсу кезінде 2005 жылы туған туристің басы айналып, тау ауруының белгілері пайда болды.

Топ өз бетімен жолды жалғастыра алмай, құтқарушыларға хабарласып, геолокациясын жіберді. Оқиға орнына Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар туристерді «Алма-Арасан» эко-бекетіне дейін эвакуациялады. Түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, тау ауруының белгілері басылды. Турист медициналық көмекке мұқтаж болмады, кейін топ үйлеріне өз бетімен қайтты.

Дереккөз: Nur.kz