
Қазақстанның ірі қаржы институты Halyk Bank халықаралық инновациялық платформа Plug and Play Tech Center (PNP) ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Құжат Алматыда өткен GITEX AI Central Asia көрмесінде ресімделді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Меморандум тараптардың стартап-экожүйені дамыту, сараптама алмасу және Орталық Азиядан шыққан технологиялық жобалардың мүмкіндіктерін кеңейту ниетін бекітеді. Ынтымақтастық бірлескен бағдарламаларды, перспективалы технологиялық шешімдерді талдауды және венчурлық нарықтың жаһандық трендтерін зерттеуді қамтиды.
Plug and Play – әлемдегі ең ірі венчурлық ойыншылардың бірі, стартаптарды, корпорацияларды және инвесторларды біріктіреді. Компания әртүрлі аймақтарда белсенді жұмыс істеп, инновациялық жобаларға жаңа нарықтарға шығуға және инвестиция тартуға көмектеседі.
Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқұшев серіктестіктің маңызын атап өтті: «Plug and Play – бүкіл әлем бойынша стартаптарға инвестиция салатын ірі венчурлық қор. Бұл серіктестік Halyk ретінде бізге білім алмасуға, халықаралық тәжірибені жақсырақ түсінуге және Орталық Азия стартап-жобаларының ерекшелігін бірлесіп зерттеуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтар үшін бұл – өз жобаларын осындай ауқымды ойыншыға көрсетіп, оларды жаһандық деңгейде таныстыру мүмкіндігі».
Plug and Play серіктесі Саша Кримпур: «Біз Halyk Bank сияқты қаржы институтымен ынтымақтастық көптеген стартаптарды қамтуға және оларға банкпен және оның экожүйесімен өзара әрекеттесуге көмектеседі деп сенеміз. Стартаптар мен ірі компаниялар арасындағы серіктестік әсер ете алады».
Қазақстан үшін мұндай серіктестіктер ерекше маңызды. Халықаралық венчурлық платформалар жүйелі түрде қазақстандық қаржы институттарымен жұмыс істей бастағанда, бұл елдің инновациялық экожүйесіне жаңа серпін береді.
Дереккөз: Nur.kz