
Алматы полициясы бұрынғы күйеуінің қудалауына ұшыраған әйелдің арызы бойынша сталкинг фактісін тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, арыз түскеннен кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу барысында ер адамның заңсыз әрекеттерін растайтын дәлелдемелер жиналды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, содан кейін іс сотқа жіберілді.
Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс жасау және пробациялық бақылауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.
Медеу ауданы Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов жеке қауіпсіздік пен азаматтардың психологиялық жағдайын бұзатын кез келген қудалау нысанына қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Дереккөз: Inalmaty.kz