...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыға шұғыл қонған Swiss әуе компаниясының ұшқышы ауруханаға жатқызылды

6 мамыр 2026 жылы сағат 12:48-де Алматы халықаралық әуежайына Swiss әуе компаниясының Сеул-Цюрих бағытымен ұшқан Airbus A350 лайнері шұғыл қонды. Себебі — екінші ұшқыштың денсаулығы күрт нашарлап, өткір іш ауруы синдромына күдік туған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұшақ жерге қонған кезде әуежайдың медициналық қызметі дайын тұрған. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін пациентті қалалық жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Қажетті тексеру мен одан әрі емдеу үшін ұшқышты №4 қалалық ауруханаға жеткізді, — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Бұған дейін швейцариялық SWISS әуе компаниясының ұшағы Қазақстан аспанында апаттық сигнал бергені хабарланған болатын. Кейін қону ұшқыштың денсаулық жағдайына байланысты болғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Дереккөз: Nur.kz