...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Сеулдан Цюрихке ұшқан Airbus A350 Алматыға шұғыл қонды: екінші пилоттың денсаулығы нашарлады

6 мамырда Swiss әуекомпаниясының Airbus A350 ұшағы Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Себеп — екінші пилоттың денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, экипаж мүшесіне жедел абдоминальды синдром деген алдын ала диагноз қойылған. Ұшақ жерге қонған кезде әуежайдың медициналық қызметі дайын тұрған. Пилотқа алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Ер адамды одан әрі тексеру және емдеу үшін Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасына жеткізді.

Дереккөз: Inalmaty.kz