...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Вокзалдағы заңсыз «қызмет»: Алматы-1 станциясында екі ер адам жауапқа тартылды

Алматы-1 теміржол вокзалының күту залында екі ер адам жолаушыларға камера сақтау қызметін ұсынып, оны мәжбүрлеп таңған. Транспорттық полиция қызметкерлері оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, 48 және 52 жастағы екі алматылық ер адам күту залында жолаушыларға камера сақтау қызметін ұсынып, оны мәжбүрлеп таңған. Тексеру барысында олардың кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз жүргізгені анықталды.

Құқық бұзушылар екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: қоғамдық орындарда жолаушыларға жабысу және заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз бизнес фактісі бойынша материалдар сотқа жіберілді, — делінген Polisia.kz хабарламасында.

Транспорттық полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері елімізде 34 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Оның ішінде қоғамдық орындарда жабысудың 2 678, алкоголь ішу немесе мас күйінде жүрудің 2 405, ортақ орындарды ластаудың 1 201 және заңсыз кәсіпкерліктің 20 фактісі тіркелген.

Дереккөз: Inalmaty.kz