...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы футбол ойынында төбелескен Үндістан студенттерін елден шығаруы мүмкін

Алматыда жеке футбол алаңдарының бірінде болған төбелеске қатысқан Үндістан азаматтарын елден шығару мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек брифингте мамыр айының басында жергілікті футбол ойыны кезінде Үндістан азаматтары арасында жанжал болғанын айтты. Оның айтуынша, ойын халықаралық турнир емес, жергілікті сипатта өткен.

Жанжал Үндістан азаматтары арасында болды. Ойынға Үндістаннан келген азаматтар мен студенттер қатысты. Басында бұл халықаралық футбол матчы немесе турнир деген ақпарат тарады. Алайда бұл жергілікті деңгейдегі ойын болды. Әрбір қатысушының әрекетіне ұсақ бұзақылық бабы бойынша құқықтық баға берілді. Бірнеше қатысушы жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта жанжалға қатысқандардың ел аумағында одан әрі болу мәселесі шешіледі, — деді Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: Nur.kz