...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеге дейін көмек көрсетілді

Алматыда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ҰОС ардагері 5 миллион теңгеден алды.

Сондай-ақ 1969 жылы Даманский аралы мен Жалаңашкөл көліндегі ұрыс қимылдарына қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден төленді. ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1 353 адам, шет елдердегі ұрыс қимылдарының 2 955 ардагері және соғыс жылдарында еңбегі үшін орден-медальдармен марапатталған 4 713 тыл еңбеккері 100 мың теңгеден алды.

Бұдан бөлек, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің 191 жесіріне 50 мың теңгеден жіберілді.

Дереккөз: Inalmaty.kz