
6-8 мамыр аралығында Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді, ал Астанада найзағайлы жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін 2026 жылғы 5 мамырға Астана мен елдің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.
Астана бойынша болжам:
- 6 мамыр: айнымалы бұлттылық, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел секундына 14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +9+11°C, күндіз +21+23°C.
- 7 мамыр: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +10+12°C, күндіз +25+27°C.
- 8 мамыр: айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12+14°C, күндіз +23+25°C.
Алматы бойынша болжам:
- 6 мамыр: айнымалы бұлттылық. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +26+28°C.
- 7 мамыр: айнымалы бұлттылық. Әлсіз жел мүмкін. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +28+30°C.
- 8 мамыр: айнымалы бұлттылық. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +30+32°C.
Шымкент бойынша болжам:
- 6 мамыр: айнымалы бұлттылық. Жел секундына 10 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +28+30°C.
- 7 мамыр: айнымалы бұлттылық. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +30+32°C.
- 8 мамыр: айнымалы бұлттылық. Желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17+19°C, күндіз +33+35°C.
Дереккөз: Zakon.kz