...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда гүлзар алаңы 77%-ға ұлғаяды: 2026 жылға жоспар

2026 жылы Алматыда сәндік гүлзарлардың жалпы алаңы 387 953 шаршы метрге жетеді, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 77%-ға артық. Оның ішінде 107 836 шаршы метрін (28%) біржылдық гүлзарлар, ал 280 117 шаршы метрін (72%) көпжылдық гүлзарлар мен гүлдейтін бұталар алады. Сондай-ақ 9 844 элемент тік көгалдандыру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Гүл композицияларын отырғызу жаяу жүргіншілер аймақтары, магистральдық көшелер, сондай-ақ саябақтар мен скверлер аумақтарында жүргізіледі. Бағдарлама қаланың барлық аудандарын қамтиды және қалалық ортаны көгалдандыруға бірыңғай тәсіл қалыптастыруға бағытталған.

Жеке бағыт ретінде көлік айырмаларын, магистральдық көшелер мен бөлу жолақтарын тік көгалдандыру жұмыстары бөлінген, бұл қала инфрақұрылымының визуалды сапасы мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Отырғызу бағдарламалары аясында біржылдық көшеттерден гүлзарлар жасау, розарийлер құру, сәндік-гүлдейтін бұталар отырғызу, қызғалдақтар егу және қажетті күтім жұмыстары жүргізіледі.

Бұл шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Дереккөз: Zakon.kz