
Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда. Сейфуллин даңғылы, 518 мекенжайында орналасқан мини-маркеттің демонтажы бүгін аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, бұған дейін нысан иесіне рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін шара қолданылып, іс сотқа жолданған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі кінәлі деп танылып, ғимаратты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім шығарылған.
2026 жылғы 9 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Сот шешімінің орындалуы аясында нысан иесі демонтажды өз күшімен жүргізді.
Дереккөз: Almaty.tv