...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Сейфуллин даңғылындағы заңсыз минимаркет бұзылды

Алматыда Сейфуллин даңғылында орналасқан минимаркетті бөлшектеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, нысан иесіне қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, іс сотқа жолданған.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен иесі кінәлі деп танылып, ғимарат мәжбүрлі түрде бұзылуға тиіс болды. 2026 жылғы 9 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімін орындау үшін нысанды иесі өз күшімен бұзды.

Қалада заңсыз нысандарды анықтау және бұзу жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін сот шешімімен Сейфуллин даңғылы, 348 мекенжайындағы бес қабатты ғимарат, Дуйсенов көшесіндегі кафеге екі қабатты қосымша құрылыс, Розыбакиев көшесіндегі заңсыз сауда павильоны, Циолковский көшесіндегі ірі нысан, Розыбакиев көшесіндегі кафенің заңсыз жазғы террасасы және Қажымұқан көшесіндегі мейрамхана террасасы бұзылған болатын.

Дереккөз: Inform.kz