...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жасөспірім жартастан құлап кетті: құтқарушылар 2,5 сағат жол жүрді

Бостандық ауданындағы Алма-Арасан шатқалында 15 жасар жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттады. Құтқарушылар оқиға орнына 2,5 сағат бойы таулы жермен жаяу көтеріліп, зардап шеккен балаға көмек көрсетіп, эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында хабарланғандай, оқиға Терра алаңқайы маңында болған. Куәгерлердің хабарлауы бойынша, жасөспірім құлап, аяғын жарақаттаған.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару жасағы мен Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің мамандары жіберілді. Олар Алма-Арасан пансионатына дейін жетіп, қалған жолды жаяу жүріп өткен.

«Таулы жермен көтерілу шамамен 2,5 сағатқа созылды. Құтқарушылар зардап шеккенді тез арада тауып, қажетті көмек көрсетіп, тасымалдауға кірісті», — делінген ведомство хабарламасында.

Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.

Дереккөз: Nur.kz