...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы Шемякин көшесінің бір бөлігі 4 күнге жабылады

Алматы әкімдігі Шемякин көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлап, қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша шектеулер туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, Шемякин көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, 2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кожедуб көшесінен Хмельницкий көшесіне дейінгі аралықта жол толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz