
Қостанай облысының 21 жастағы тұрғыны Роман Юрцевич 26 сәуір 2026 жылы Алматыға жұмысқа кетіп, содан бері хабарсыз кетті. Оны еріктілер мен полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жергілікті «Дос» іздеу-құтқару отрядының мәліметінше, 2004 жылы туған жігіт 26 сәуірде Қостанайдан Алматыға жұмысқа шығып, сол күннен бері байланысқа шықпаған. Оның бойы шамамен 180 см, көзі көк, оң аяғында жылан мен бас сүйегі бейнеленген татуировкасы бар. Жоғалған кезде киімі белгісіз.
Онымен бірге Пума есімді қара иті болған. Куәгерлер болса, 8 (705) 576 96 94, 8 (705) 105 08 04 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуы сұралады.
Дереккөз: Nur.kz