
Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жаңа Қағидалар толық көлемде күшіне енеді. Құжат кезең-кезеңімен енгізіліп, ластану деңгейін төмендетуге бағытталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзгерістер көлік, өнеркәсіп кәсіпорындары және жеке секторға әсер етеді. Көліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және белгіленген шығарынды нормаларын сақтау қарастырылған. III санаттағы нысандар үшін бірқатар талаптар енгізіледі: сүзгілер орнату, шаң басу технологияларын қолдану, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу.
Сонымен қатар, қағидалар газдандыру жүргізілген қала аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салуды көздейді. Осы шараларды енгізу зиянды шығарындыларды азайтып, Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: Inalmaty.kz