
Алматыда полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті есірткі сатуға күдіктеп ұстады. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіруде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Іс-шаралар қаланың Алатау ауданында жүргізілді. Полиция интернет-дүкеннің бір тармағының жұмысын тоқтатты, онда 20 жастағы қоймашы (закладчик) әрекет еткен.
Жеке тінту кезінде есірткі тасымалдаушыдан 127 орама мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың таблетка экстази, ал тұрғылықты жерінен 1 кг-ға жуық синтетикалық есірткі алынды.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2,5 кг құрады, бұл шамамен 6 мың бір реттік дозаға тең, олар тұтынушыға жетпей қалды.
Тергеу нұсқасы бойынша, курьер ақысын криптовалютамен алған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Есірткі таратуда қандай да бір қылмыстық схемалар мен жасырын цифрлық технологияларды қолдану әрекеттері қылмыскерлерге жауапкершіліктен құтылуға көмектеспейді. Ішкі істер министрлігі күмәнді ұсыныстардан уақытылы бас тартуға және заңды бұзбауға шақырады», — делінген хабарламада.
Дереккөз: Nur.kz