...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда қозғалыс қарқынды жерлерде мотопатрульдер тәртіп бұзушыларды ұстай бастады

Алматыда жол тәртібін нығайту, апаттылықты азайту және жол жағдайына жедел ден қою үшін жаңа мотопатрульдік экипаждар құрылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа экипаждар жол тәртібін нығайту, апаттылықты азайту және жол жағдайына жедел ден қою үшін құрылған. Бұл бөлімше әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальонының құрамына кіреді.

Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінур Тасыбаев мотопатрульдік бөлімшелердің негізгі міндеті — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.

— Мотопатрульдік бөлімшелер бізге жол жағдайының өзгерістеріне жедел ден қоюға, уақытылы анықтауға және бұзушылықтардың жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар арасында тәртіп деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді ол.

Мотопатруль құрамына 30 мотоцикл кіреді. Бұл жоғары ұтқырлықты және әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде бұзушылықтарға ден қоюдың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстанда гидроқұрылыстарда жұмыс істеу үшін мамандар 130 мотоцикл алғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz