
27 сәуір 2026 жылы Алматыдағы Ганди саябағында болған оқиға кезінде салют снарядтары жоғары емес, төмен ұшып, адамдарды үрейлендірді. Куәгерлер түсірген видеода адамдардың бытырай қашқаны көрінеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Алмалы аудандық полиция басқармасының қоғамдық орында пиротехникалық бұйымдарды қолдану фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Полиция құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу «102» пультіне хабарлауға шақырды.
Қазақстанда салют атуға белгілі бір шектеулер бар екенін полиция жаңажылдық мерекелер қарсаңында еске салған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz