
Алматы бірнеше күнге Орталық Азияның джаз музыкасының нағыз орталығына айналды. Мегаполисте халықаралық фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50-ден астам орындаушыны біріктірді. Көрермендер дәстүрлі жанр заманауи музыкалық мотивтермен астасқан авангардтық эксперименттерді тамашалады. Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарға әлемге әйгілі виртуоздардан шеберлік сабағы да өткізілді.
Фестиваль жыл сайын өтеді, биыл ол 24-ші рет ұйымдастырылды.
«Біз әр жылға дайындаламыз. Яғни, фестивальден кейін бірден келесі жылға дайындықты бастаймыз. Биыл бізде Италия, Франция, Испания, Мажарстан, Австрия, Эстония және, әрине, Қазақстан сияқты елдер өнер көрсетеді», — деді ұйымдастырушы Юлия Дэбу.
«Әр түрлі стильдерді, әр түрлі елдерді таныстыратын және өз музыкасын бірдей виртуоздықпен орындайтын әр түрлі музыканттармен танысу — үлкен плюс», — деді қала тұрғыны Михаил Коган.
Дереккөз: Almaty.tv