...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда өтетін жаһандық AI форум: 10 мың қонақ, 60 ел, 1500 инвестор

Алматы алғаш рет халықаралық «Джайтэкс Эй Ай» көрме-конференциясын қабылдайды. Іс-шараға 60 елден 10 мыңнан астам қонақ, 600-ден аса қатысушы және шамамен 1500 инвестор келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі технологиялық оқиғаның басты тақырыптары – жасанды интеллект, деректер орталықтары, киберқауіпсіздік, Индустрия 4.0, ақылды энергетика, инновациялар және цифрлық инфрақұрылым. Алматы үшін бұл – тек ірі шараны өткізу ғана емес, заманауи технологиялық мегаполис мәртебесін нығайту мүмкіндігі.

«Мен Қазақстанда алғаш рет келіп отырмын. Жасанды интеллект мұнда шынымен қарқынды дамып келеді, әсіресе әртүрлі салаларда қолданылу тұрғысынан. Қазақстанда өзінің ірі тілдік модельдері, күшті әзірлеушілер қауымдастығы, университеттер, инкубаторлар мен стартаптардың жақсы базасы бар. Олар бүкіл аймақ үшін жаңа шешімдер жасайды. Біз үшін мұнда болу, жаңа серіктестер іздеу және стартаптар мен шағын және орта бизнеске көмектесу маңызды», – деді «DUBAI WORLD TRADE CENTRE» технологиялық және цифрлық кластерінің вице-президенті Билал Әл Раис.

Алматы «Джайтэкс» алаңы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазір мегаполисте еліміздегі IT-қызметтердің жартысынан көбі көрсетіледі. Қалада ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы белсенді дамып келеді. Қараша айына қарай ауданы 10 мың шаршы метр болатын Almaty AI Hub ашу жоспарлануда. Оған халықаралық компаниялар, жергілікті стартаптар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар тартылады. Одан да ұзақ мерзімді флагмандық жоба – Almaty AI Park. Бұл 70 мың шаршы метр аумақтағы тұтас технологиялық экожүйе: жоғары оқу орны, мектептер, зерттеу және бизнес инфрақұрылымы.

«15 мамырда Nfactorial Ai school ашылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін тағы екі мектеп ашылады. Біріншісі – tomorrow school peer to peer мектебі, ол 18 жастан асқан, мамандығын ауыстырғысы келетін адамдарға арналған. Екінші мектеп – Tumo халықаралық мектебі, онда 8 бен 18 жас аралығындағы балаларға креативті индустрия және IT индустрия бірге оқытылады», – деді Цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабек.

Дереккөз: Almaty.tv