...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда автобус жолаушысы кәмелетке толмаған қыздың қасында әдепсіз әрекет жасады

Әлеуметтік желіде Алматы автобустарының бірінде түсірілген видео тарады — онда ер адам кәмелетке толмаған қыздың қасында мастурбациямен айналысқан. Бұл оқиғаға полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кадрларды Egov.press Telegram-арнасы жариялады. Жолаушы, болжам бойынша, автобуста онанизммен айналысқан.

«(Ер адам — ред.) белгісіз психикалық күйде №95 автобусқа кіріп, кәмелетке толмаған қыздың қасына тұрып, оны әдепсіз әрекеттерімен қорқытты», — делінген хабарламада.

Алматы ПД баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, әлеуметтік желілерде ер адамның қоғамдық көліктегі құқыққа қайшы әрекеті бейнеленген видеоматериалдың таралуына байланысты тексеру жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта оқиғаның орны мен уақыты, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басы анықталуда. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп нормаларын өрескел бұзады және жол берілмейді. Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», — деп уәде етті полиция.

Дереккөз: Nur.kz