...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда полицейлер көбейді: ІІМ күшейтілген режимнің себебін түсіндірді

Алматыда полиция қызметкерлері күшейтілген режимге көшті — қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ІІМ ведомстволық сайтының мәліметінше, патрульдер мен тексерулер саны артты. Құқық қорғау органдары қоғамдық орындар мен қала жолдарындағы құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударады.

«Негізгі міндет — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдардағы тәртіпті күшейту. Әрбір қызметкер кәсіби әрекет етіп, заң аясында қатаң жұмыс істеп, азаматтарға құрметпен қарауы тиіс. «Заң және тәртіп» қағидасы жай ұран емес, біздің қызметіміздің күнделікті тәжірибесі болуы керек», — деді Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдіңұр Тәсібаев.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті қолдауға үлес қосуға шақырады.

Дереккөз: Nur.kz