...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Балалар Алматыдағы Сайран көлінде шомылды: ТЖД не деді?

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Сайран көлінде балалардың шомылып жүрген видео тарады. Төтенше жағдайлар департаменті ресми шомылу маусымы әлі басталмағанын ескертіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Видеоны Instagram-дағы almatinec_live парақшасы жариялаған. Жазбада: «Сайранда лас суда балалар шомылып жүр», — делінген.

Алматы ТЖД NUR.KZ тілшісіне шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталатынын мәлімдеді. Ведомство рұқсат етілмеген және тыйым салынған жерлерде шомылу өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретінін, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

«Шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инспекторлық құрам су айдындарын патрульдеп, құтқару қызметі бөлімшелері кезекшілік етеді. Тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тек жабдықталған орындарда шомылуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз», — деді ТЖД өкілдері.

Дереккөз: Nur.kz