...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жеке сот орындаушысы бюджеттен 4,2 млн теңге жымқырды

Алматы прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыдағы жеке сот орындаушысы 2024 жылы қызметтік жағдайын пайдаланып, алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізулер үшін бюджеттен 4,2 млн теңгені заңсыз алған. Заң талаптарына сәйкес, бір атқарушылық іс жүргізу бойынша жылына бір реттен артық төлем алуға болмайды. Алайда ол 47 атқарушылық іс жүргізу бойынша 76 қайталанатын есепті әділет департаментіне жіберіп, заңсыз қаражат алуды қамтамасыз еткен.

Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айрылды.

Дереккөз: Inform.kz