...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Кремация ерікті бола ма: Алматы ҚДБ жауап берді

Алматыдағы крематорийдің іске қосылуына байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (ҚДБ) кремация рәсімінің ерікті түрде жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚДБ ресми сұрауға берген жауабында Қалалық анатомиялық бюро крематорийдің баға тізімін, ішкі ережелерін, қауіпсіздік жүйелері мен есепке алу жүйесін әзірлегенін хабарлады. Алайда бұл құжаттар, оның ішінде прейскурант, крематорий іске қосылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.

Крематорийді ашу шамамен 2026 жылғы сәуірдің үшінші онкүндігіне жоспарланған еді, бірақ айдың аяғына үш күн қалса да, нысан әлі іске қосылған жоқ. ҚДБ мамандарының айтуынша, штат ҚДАБ-тың өз қызметкерлерінен құрылған, олардың бір бөлігі Новосібірде кремация және кремациялық пештермен жұмыс істеу бойынша оқудан өткен.

Кремация процедурасы ерікті болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №48 бұйрығымен бекітілген жерлеу мен зираттарды күтудің үлгілік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады, — деп толықтырды ҚДБ.

Крематорий Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен ҚДБ-ның ҚДАБ балансына берілген. Жоба әзірлемесі 2020 жылдың жазында басталып, ғимарат бір зал және екі пешпен жабдықталады деп жоспарланған. Бұған дейін крематорий қызметінің құны 250 мыңнан 460 мың теңгеге дейін өзгеретіні туралы ақпарат тараған.

Дереккөз: Nur.kz