
Алматыда жеке сот орындаушысы бюджеттен 4,2 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды. Оған 2 жылдан астам бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, жеке сот орындаушысы 2024 жылы қызметтік жағдайын пайдаланып, бюджеттен 4,2 млн теңгені заңсыз алған. Ол алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу үшін төлем ретінде ақшаны жымқырған.
Заң талаптарын бұза отырып, сот орындаушысы әділет департаментіне 47 атқарушылық іс жүргізу бойынша 76 қайталанған есеп жіберіп, осылайша заңсыз ақша алған, — деп мәлімдеді прокурорлар.
Сот оны 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырып, 5 жыл мерзімге тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Дереккөз: Nur.kz