...
... Алматы
USD
EUR
RUB

26 сәуірде Алматы мен Талдықорғанда ауа райы қолайсыз болады: синоптиктер ескертеді

26 сәуірде Алматы мен Талдықорған қалаларында ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – бұл атмосфераның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің маңында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Астанадағы смог мәселесіне қатысты түсініктеме берген болатын.

Дереккөз: Zakon.kz