
Алматыда бір топ жас Юта есімді итті судан алып шығып, өз өмірлерін қатерге тікті. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Айгерім есімді қыз көмек сұраған соң, маңайдағы жастар дереу итті құтқаруға ұмтылған. Кадрларға қарағанда, жағдай қауіпті болғанымен, олар тайсалмай, батылдық танытқан.
Алматы ТЖД белсенді азаматтық ұстанымы үшін қолдау білдіріп, жанашырлықтары үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ТЖД 112 нөміріне бұл факт бойынша ешқандай өтініш түспегенін атап өтті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар су айдындарындағы оқыс оқиғалар кезінде дереу 112 немесе 101 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін еске салады, себебі уақтылы қоңырау адам өмірін сақтап, ауыр зардаптардың алдын алады.
Дереккөз: Inalmaty.kz