...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматылық тұрғын үйрек пен балапандарына «құтқару операциясын» жасады

Алматы қаласының тұрғыны үйрек пен оның балапандарына көмектесіп, оларды қауіпсіз суға жеткізді. Видеоны dasha.iov деген қолданушы жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кадрларда үйрек балапандарымен суға қарай бет алған, бірақ балапандар жағадан түсуге батылы жетпеген. Адамдар оларды жолдан өткізіп, өзенге дейін алып барған, ең қиын сәт осы жерде басталған.

Ана үйрек алдымен суға секірген, алайда балапандар іркіліп қалған. Сонда видео авторы оларды ақырын төмен түсіруге көмектескен.

Соңында барлық балапан суға түсіп, үйректің соңынан жүзіп кеткен. Құстар Ботаникалық бақ жаққа бет алған сияқты.

Бұған дейін Қазақстанның бірегей қорығында қызыл кітапқа енген бүркіт су ішетін жерде «ванна» қабылдаған еді.

Дереккөз: Zakon.kz