...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда «АСК Престиж» ЖШС-нің 0,9805 га жері мемлекет қажеттілігі үшін алынады

Алматы әкімдігі «АСК Престиж» ЖШС-не тиесілі 1,6523 га жердің 0,9805 га бөлігін мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастады. Бұл учаске «Шығыс қақпа» 110 кВ қосалқы станциясын салу үшін алынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Учаске Түрксіб ауданы, «Қайрат» шағын ауданында орналасқан. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі – 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жер иесіне өтемақы төленіп, учаске Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының балансына алынады.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 22 тамыздағы Медеу ауданындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін алу туралы қаулы күшін жойды. Бұл учаскелер жалпы пайдалану объектісі (саябақ аймағы) және көлік-ауыстырып тиеу торабын салуға арналған еді.

«АСК Престиж» ЖШС-нің жер учаскесінің бір бөлігін мемлекет қажеттілігі үшін алуға байланысты мәжбүрлеп иеліктен шығару басталды, – делінген құжатта.

Дереккөз: Zakon.kz