...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Доллар бағамы төмендеді: Алматы обменниктерінде 466,5 теңгеге сатылады

Алматы қаласындағы валюта алмасу пункттерінде АҚШ доллары 466,5 теңгеге сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

22 сәуірдегі күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 461,37 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 3,23 теңгеге төмендеген.

Ұлттық Банктің 22 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы 464,73 теңге.

Kurs.kz сайтының ағымдағы мәліметтері бойынша, Алматы обменниктерінде долларды сатып алу бағамы 464 теңге, сату бағамы 466,5 теңге деп көрсетілген.

Дереккөз: Almaty.tv