
Алматыда көктем ерте келіп, қала тұрғындарын жылы ауа райы қуантып жатыр. Қалада қызғалдақтар, сирень және жеміс ағаштары, тіпті алма мен алмұрт гүлдеп тұр. Алдағы аптада ауа райы қандай болатынын синоптиктер болжады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
20 сәуір, дүйсенбі: ашық, күндіз +18°C, түнде +10°C.
21 сәуір, сейсенбі: айнымалы бұлтты, күндіз +22°C, түнде +13°C.
22 сәуір, сәрсенбі: бұлтты, күндіз +13°C, түнде +12°C.
23 сәуір, бейсенбі: жаңбыр, күндіз +18°C, түнде +13°C.
24 сәуір, жұма: жаңбыр, күндіз +15°C, түнде +11°C.
25 сәуір, сенбі: айнымалы бұлтты, күндіз +21°C, түнде +13°C.
26 сәуір, жексенбі: айнымалы бұлтты, күндіз +23°C, түнде +11°C.
Дереккөз: world-weather.ru сайты.
Дереккөз: Almaty.tv