...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда №143Ш автобус бағыты 22 сәуірден өзгереді: жаңа схема

Алматыда №143Ш автобус бағытының қозғалыс схемасы 22 сәуірден өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық көлік холдингіне сілтеме жасап.

Көрсетілген күннен бастап қоғамдық көлік жаңартылған бағыт бойынша жүреді. Енді маршрут Бағаналы Орда көшесімен, одан кейін Көктал және Қойтас көшелерімен өтіп, соңғы аялдама – №179 мектепке дейін жалғасады. Өзгерістер жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және ыңғайлылықты арттыруға бағытталған.

Дереккөз: Inalmaty.kz